-A A +A

«Адвокаттық қызмет және құқықтық көмек туралы» заң жобасының тұжырымдамасы талқыланды

«Адвокаттық қызмет және құқықтық көмек туралы»

заң жобасының тұжырымдамасы талқыланды

     Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Республикалық адвокаттар алқасы президиумының ұйымдастыруымен ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Б.С.Атағазиеваның қатысуымен «Адвокаттық қызмет және құқықтық көмек туралы» және оған ілеспе заң жобаларының тұжырымдамалары талқыланған дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

     Отырыста Маңғыстау облысы әділет департаментінің басшысы, аумақтық адвокаттар алқасының өкілдері, сонымен қатар, республиканың батыс аумақтарының әділет департаменттерінің басшылық құрамы қатысты.

     Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Б.С.Атағазиева Әділет министрлігімен әзірленген заң жобаларының тұжырымдамалары «Адвокаттық қызмет туралы» заңының базасында азаматтарға кәсіби заң көмегін көрсету механизімін жетілдіруге, сондай-ақ осындай қызметтерді алу барысында олардың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталғандығын атап өтті.

     Сонымен қатар, заң жобалары қолданыстағы қарым-қатынастармен қоса, заңгерлік нарықтың дамуын қарастыратын міндеттер және жаңа заң жобасын жасауға негіз болған жалпы институттар мен бөлек нормалардың қамтылғандығы қатысушылардың назарына жеткізілді.

     Кездесу соңында, қатысушылармен заң жобалары тұжырымдамаларының негізгі қағидаларымен принциптері талқыланып, оларды тәжірибеде жүзеге асыру пікірлері ортаға салынды.

                  

Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі