-A A +A

«Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы» Заңы жобасының нормалары туралы дәріс оқылды

«Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы»

Заңы жобасының нормалары туралы дәріс оқылды 

   Ағымдағы жылдың 30 қазанында Маңғыстау облысы Әділет департаментінің және Ақтау қалалық әділет басқармасының қызметкерлері Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің құқықтану факультетінің 3-курс студентеріне ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы» Заңы жобасы және әділет органының атқаратын қызметі туралы дәріс оқыды.

   Жиын барысында Заң жобасының нормалары бойынша түсінік берілді, атап айтқанда заң кеңесшісінің мәртебесі, құқықтары мен міндеттері, заң кеңесшілерінің палатасы,  адвокаттар алқасына кіру үшін төленетін алғашқы жарнапұлдың алынып тасталуы, қызметтер тарифінің сеткасының бекітілуі және «Pro bono»-халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына адвокаттар мен заң кеңесшілері тарапынан тегін заң көмегін көрсету тәсілі туралы студенттердің назарына жеткізілді.

   Сондай-ақ, студенттерге Әдiлет органдарының мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру саласындағы функциялары, заңды тұлғаларды мемлекеттiк және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу, бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргiзу және жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, құқықтық кадастрды жүргiзу туралы айтылды.

   Кездесу соңында студенттер пікірлерін білдіріп, қойылған сауалдарына мамандармен қолданыстағы заң талаптарына сәйкес толықтай жауаптар берілді.

        

Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі