-A A +A

«Ашық есік күні» акциясы өткізілді

  «Ашық есік күні» акциясы өткізілді

     Ағымдағы жылдың 30 мамырында «Қазақстан заңгерлері одағы» РҚБ МОФ-ң мүшелері - Қарақия аудандық әділет басқармасының басшысы және сот орындаушысының қатысуымен  «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

    Іс-шаранын мақсаты – қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру және барлық санаттағы азаматтарға тегін заң көмегін көрсету болып табылады.

   Акцияға қатысушы азаматтарға мұрагерлікті рәсімдеу, алимент өндіріп алу, атқарушылық құжаттарды орындау мерзімдері, атқарушылық құжатты орындауға беру үшiн өткiзiп алынған мерзiмдi қалпына келтiру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізу тәртібі мен мерзімдері және заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден бас тарту негіздері бойынша сұрақтарына мамандармен  құқықтық кеңестер берілді.

   Азаматтармен қойылған сұрақтарға мамандармен ҚР қолданыстағы заңнамалары аясында жауаптар берілді.

              

           Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі