-A A +A

«Ашық есік күні» акциясы өткізілді

«Ашық есік күні» акциясы өткізілді

     Ағымдағы жылдың 22 маусымында «Қазақстан заңгерлері одағы» РҚБ МОФ-ң мүшелері - Маңғыстау аудандық әділет басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен ХҚКО департаментінің Маңғыстау аудандық бөлімі ғимаратында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

     Іс-шараның мақсаты – қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру және барлық санаттағы азаматтарға тегін заң көмегін көрсету болып табылады.

      Кеңес алуға жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды тіркеуге қатысты сұрақтармен азаматтар жүгінді.

    Нәтижесінде жер учаскесіне құқық беретін құжаттарды тіркеуге байланысты және заңды тұлғаның электронды тіркелуі бойынша қарастырылған жеңілдіктер мен заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесті сыйға тарту туралы сұрақтар өз шешімін тапты.

      Барлық жүгінген азаматтарға қолданыстағы ҚР заңнамалары шеңберінде құқықтық кеңестер берілді.

         

Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі