-A A +A

Аттестаттау өткізілді

Аттестаттау өткізілді

    Ағымдағы жылдың 29-30 маусымында нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлердің кезекті аттестаттауы өткізілді. Аттестаттауға 11 үміткер жіберілді.

    Екі кезеңнің қорытындысы бойынша - яғни компьютерлік тестілеу арқылы  үміткердің заңнаманы білетіндігін анықтап және емтихан билеттеріне берген жауабын ескеріп, Әділет аттестаттау комиссиясы аттестаттауға жіберілген нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға 9 үміткердің ішінен нотариалдық қызметпен айналысу құқығына 3 адамға қатысты  аттестаттау туралы шешімін қабылдады.

     Аттестаттаудан жақсы нәтиже көрсеткен үміткерлер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын жақсы меңгергендігін көрсетті.

     Сондай-ақ, аттестаттау бойынша қанағаттанарлықсыз нәтиже алуына байланысты, яғни компьютерлік тест тапсыру кезінде 70-тен төмен балл алған 6 үміткерлер аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілмеді.

      Осы орайда, әділет аттестаттау комиссиясымен осы аттестаттаудан өтпегендігі туралы шешім қабылданды.

                      

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі