-A A +A

Аудан тұрғындарымен кездесу өткізілді

Онды ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді

   Ағымдағы жылдың 1 қарашасында «Қазақстан заңгерлері одағы» РҚБ МОФ мүшелері – Маңғыстау ауданының әділет басқармасының басшысы, нотариус және сот орындаушысының қатысуымен Онды ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді.

   Шараның мақсаты - ауылдық елді мекен тұрғындарының құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру және азаматтарға кәсіби құқықтық көмек көрсету.

   Кездесуге өздерін толғандырып жүрген сұрақтар бойынша 21 азамат қатысып, олардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттар қабылдау, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүргізу тәртібі мен мерзімдері, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден бас тарту негіздері бойынша мамандармен құқықтық кеңестер берілді.

   Сондай-ақ, кездесу барысында әділет басқармасының басшысымен ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы» Заң жобасы бойынша, атап айтқанда, Pro bono тәжірибесі, яғни, халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін заңгерлік көмек көрсету туралы, адвокаттарға жыл сайын белгілі бір сағаттарда тегін заң көмегін көрсету құқығын беру, жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлердің құқықтық мәртебесі, олардың құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірілді.

   Кездесу нәтижесінде, сұрақтарымен жүгінген азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, құқықтық көмек көрсетілді.

                     

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі