-A A +A

Азаматтармен және кәсіпкерлермен кездесу өткізілді

Азаматтармен және кәсіпкерлермен кездесу өткізілді

     Ағымдағы жылдың 29 қыркүйекте Маңғыстау облысының Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының ғимаратында «Қазақстан заңгерлері одағы» РҚБ МОФ-ның мүшелері - Маңғыстау облысының әділет департаментінің қызметкерлерімен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға білікті құқықтық көмек көрсету мақсатында азаматтармен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізілді.

     Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстаның Дүниежүзілік экономикалық форумның ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингіндегі «Меншік құқығы», «Бизнесті ашу» және «Зияткерлік құқықтарын қорғау» индикаторларын жақсартудағы әділет органдарының қызметі туралы айтылды. Сонымен қатар, заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке және зияткерлік меншік құқықтарын тіркеу мәселелері бойынша кеңестер берілді.

    Кездесу соңында қатысушыларға қажетті мекенжайлар мен Call-орталық нөмірлері жазылған үлестірме материалдар мен жадынамалар таратылды.

                    

                     

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі