-A A +A

Бас бостандығынан айырылған азаматтармен кездесу өткізілді

 

Бас бостандығынан айырылған азаматтармен кездесу өткізілді

           2017 жылдың 28 тамызында бас бостандығынан айырылған азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында Қазақстан заңгерлері одағының мүшелері - әділет департаментінің қызметкерлері, сот орындаушы және нотариустың қатысуларымен Ақтау қаласында орналасқан ГМ-172/6 мекемесінде кездесу өткізілді.

           Кездесу барысында сотталғандар жазаны тағайындаудан кейінгі мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды, жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жайларды, мүлікті басқару бойынша берілген сенімхат арқылы мүлікті сату мүмкіндігін, қылмыстың ауыр түрлері бойынша рақымшылықты қолдану туралы, бас бостандығынан айыру орындарында діни жораларды өткізу және жазасын өтеуден босатылғаннан кейінгі мемлекетпен көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері және басқа да көкейтесті мәселелер бойынша сауалдарына құқықтық кеңестерін алды.

            Кездесу соңында сотталғандар құқықтық көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді. 

 

Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі