-A A +A

Брифинг өткізілді

Брифинг өткізілді

         Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде ҚР ӘМ Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Б.С.Атағазиева және Маңғыстау облысы әділет департаментінің басшысы Р.Б.Балгазин орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері – журналистердің қатысуымен брифинг өткізді. Брифинг барысында Әділет министрлігімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңесінің осы жылдың 8 ақпанындағы отырысында берілген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және оған ілеспе заң жобасының тұжырымдамалары сөз болды.

       Ұсынылып отырған заң жобаларының тұжырымдамалары адвокаттық қызмет жүйесін жетілдірумен қатар, адвокаттар тапшылығы мәселесін шешуге арналған. Мамандыққа қолжетімділікті жеңілдету мақсатында адвокаттар алқасына кіру жарнасын төлеуге тоқтам салынып, өз кезегінде, бұл кедергінің жойылуы адвокаттар санының өсуінежәне олардың арасындағы бәсекелестікті арттыруға әкеледі.

         Сондай-ақ, Франция,Ұлыбритания, АҚШ елдерінің тәжірибесі негізінде адвокаттардың біліктілігін арттыру механизмі қайта қаралып, олардың кәсіби біліктілігін жыл сайын арттыру көзделген.

          Бұдан басқа, әділет органдарының өкілдері Pro bono тәжірибесі, яғни, халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін заңгерлік көмек көрсету туралы айтып өтіп, ол үшін адвокаттарға жыл сайын белгілі бір сағаттарда тегін заң көмегін көрсету құқығын беру ұсынылатындығы жөнінде тоқталды.

       Сонымен қатар, журналистердің назарына жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлердің құқықтық мәртебесі, олардың құқықтары мен міндеттерізаң жүзінде белгіленетіндігі және мемлекетпен кепілдендірілген құқықтық көмек көрсетудің жалпы талаптары мен тәртібін реттеу мақсатында енгізілген оң өзгерістер туралы да жеткізілді.

      Кездесу соңында, заң жобаларының тұжырымдамалары алдымен, халықты қолжетімді және сапалы заң көмегімен қамтамасыз етуге және адвокатура институтын әлемнің үздік тәжірибесін ескере отырып, жетілдіругебағытталғандығы туралы айтылды.

                           

 

Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі