-A A +A

Бюджет қаражатын үнемдеу мәселесі бойынша кездесу өткізілді

Бюджет қаражатын үнемдеу мәселесі бойынша кездесу өткізілді

            2017 жылы 28 шілде күні Маңғыстау облысы әділет департаментінің қызметкерлерімен мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін көрсету туралы талдау қортындысын талқылау мақсатында Маңғыстау облыстық сотының мәжіліс залында облыс судьяларының қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

            Кездесу барысында әділет Министрінің бұйрығымен бекітілген «Адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу» туралы Қағидасының және «Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін белгілеу туралы» Қаулысының негізгі талаптары, атап айтқанда, адвокаттың іске қатысу уақытының ұзақтығы мен қатысқан күні туралы мәліметтердің нақты және толыққанды көрсетілу мәселелері талқыланды.

Шара соңында, қатысушылармен «Қорғаушы еңбегіне ақы төлеу туралы» қаулыларды қолданыстағы заң талаптарына сәйкес әзірлеу және өзара ынтымақтастықты нығайту туралы келісілді.

 

Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі