-A A +A

«Әділет кеңес береді» акциясына шақырамыз!

«Әділет кеңес береді» акциясына  шақырамыз!

   Ағымдағы жылдың 23 қарашасында сағат 10:00-де «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының мәжіліс залында әділет басқармасының қызметкерлері, сот орындаушы, адвокат, нотариустардың қатысуымен жеке және заңды тұлғалармен заңды тұлғаны және жылжымайтын мүлікті тіркеу, меншік құқығы, даулы мәселелерді шешу бойынша кезекті «Әділет кеңес береді» акциясын өткізеді.

   Аудан тұрғындарының толғандырып жүрген сұрақтарына ҚР қолданыстағы заңнамалары  шеңберінде түсініктемелер және кеңестер беру мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Шетпе селосы, «Нұр Отан» партиясының ғимараты, анықтама телефондары: 2-17-97, 2-20-99.

 

Маңғыстау облысының әділет департаменті