-A A +A

«Әділет кеңес береді» Республикалық акциясы өткізілді

 «Әділет кеңес береді» Республикалық акциясы өткізілді

     14 қыркүйек 2017 жылы Ақтау қаласының әділет басқармасымен «Әділет күні» мерекесі қарсаңында азаматтармен кездесу ұйымдастырылып, өткізілді.

     Іс-шара барысында, басқарма басшысы "Адвокаттық қызмет және заңгерлік көмек туралы" ҚР Заң жобасын түсіндіру бойынша, жер учаскелерінің қосылуы мен бөлінуінің ресімдеу жолдары жөнінде түсініктеме берілді және мемлекеттік органдармен салынған шектеулерді алу, электрондық тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, сатып алу-сату шарты, заңды тұлғаларды тіркеу мәселелері бойынша азаматтарға кеңес берілді.

     Акцияның мақсаты – әрбір азаматқа тегін заңгерлік көмек көрсету және тұрғындардың сауаттылығын көтеру. Іс-шара барысында азаматтар сұрақтарына толымды жауап алды.

                                    

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі