-A A +A

Әділет министрі Марат Бекетаевтың халықпен есептік кездесуі өтті

Әділет министрі Марат Бекетаевтың халықпен есептік кездесуі өтті

     Ағымдағы жылдың 23 маусымында «Қазмедиа орталығы» ғимаратында Әділет министрі Марат Бекетаевтың бейнеконференциялық байланысы арқылы барлық өңірлерді қосумен халық алдындағы есептік кездесуі өтті.

       Кездесуге азаматтар, үкіметтік емес ұйымдар және бизнес қауымдастығы өкілдері қатысты.

     Кездесу барысында Марат Бекетаев Министрліктің қызметі және ведомствоның болашақ жоспарлары туралы, сондай-ақ, ұлттық заңнаманы қалыптастыру, құқықтық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру, атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету, сот сараптамалық қызметін ұйымдастыру бойынша  соңғы жылдары бірқатар шаралар қабылданғандығын атап өтті.

      Министр есептік кездесулердің дәстүрлі форматын өзгертіп, өз баяндамасын 3 топтамаға бөлген, атап айтқанда,  нормашығарушылық және министрліктің мемлекет мүдделерін шетелде қорғау қызметіне,  конституциялық реформаның іске асырылуына, сондай-ақ Әділет министрлігінің жүргізіп жатқан реформаларына және қабылданған заңдардың аясында өткізілген жұмысқа, атап айтқанда, сот актілерін орындау және сот сараптамасы салаларына арнап, әр топтама сайын тұрғындардың өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді.

 

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі