-A A +A

Әділет органдарының Үйлестіру Кеңесінің отырысы өткізілді

Әділет органдарының Үйлестіру Кеңесінің отырысы өткізілді

 

         Ағымдағы жылдың 30 маусымында Маңғыстау облысының әділет департаменті мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен әділет органдарының Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысын өткізді.

         Шара аясында атқару құжаттары бойынша борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту, борышкерлерді күштеп жеткізу және тыйым салынған автокөліктерді айыппұл тұрағына қамау туралы қаулыларды орындау барысында туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.

         Шара соңында отырысқа қатысушылар атқарушылық құжаттардың қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіппен орындалуы, сот орындаушыларының құқықтары мен міндеттері туралы сөз қозғап, сот актілерін орындаудың бірыңғай тәжірибесін қалыптастыру пікірлерін ортаға салды.

 

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі