-A A +A

Әділет органдарының Үйлестіру Кеңесінің отырысы өткізілді

Әділет органдарының Үйлестіру Кеңесінің отырысы өткізілді

  Ағымдағы жылдың 30 қарашасында Маңғыстау облысының әділет департаменті мүдделі мемлекеттік органдарының қатысуымен әділет органдарының Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысын өткізді.

  Шара аясында құжаттарды қолдан жасау және ақша белгілері құжаттарының ролі, сот-техникалық сараптау тәсілдерін мүдделі мемлекеттік органдарының қатысуымен талқыланды.

  Шара соңында отырысқа қатысушылар сот-техникалық сараптау тәсілдерінің қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіппен орындалуы, соңғы жылдары көбейіп кеткен құжаттарды және ақша белгілерін қолдан жасау фактілерін анықтаудағы және алдын алудағы сот сараптама Институтының ролі жөнінде сөз қозғап, осындай заң бұзушылықтарды жедел анықтаудың ортақ тәжірибесін қалыптастыру пікірлерін ортаға салды.

 

Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызеті