-A A +A

Дөңгелек үстел өткізілді

Дөңгелек үстел өткізілді

     2017 жылдың 14 қыркүйегінде Әділет департаментімен «МАЭК -Қазатомпром» ЖШС, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Каспий жылу, су арнасы» МКК, «Өзен жылу» МКК, «АЭЖБ» ШЖҚ МКК,  «Өзенинвест» ШЖҚ МКК облыстық ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

     Іс-шара барысында, жылу беру маусымының басталуына байланысты тұрғын-үй коммуналдық қызметтер бойынша берешек соманы өндіру туралы атқарушылық құжаттардың орындалмау себептері мен шешу жолдарын жеке сот орындаушыларымен жүзеге асырылуы жөнінде сұрақтар басты назарға алынды.

     Дөңгелек үстел соңында осы санаттағы істер бойынша жеке сот орындаушыларымен сот актілерінің уақытылы орындалуын қамтамасыз ету және сапасын жақсарту бойынша қатысушылармен ұсыныс енгізілді.

     Атқару өндірісі органдарының мемлекеттік органдармен және ұйымдармен ынтымақтастық және өзара қарым-қатынас орнату қажеттілігі жөнінде пікір алмасты.

           

 

Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі