-A A +A

Дөңгелек үстел өткізілді

Дөңгелек үстел өткізілді

     Жуырда Маңғыстау облысының әділет департаментінің бастамасымен Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті қызметкерлерінің қатысуымен «Заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің) таратылуын (есептік тіркеуден алуын) мемлекеттік тіркеу барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылау» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.

    Дөңгелек үстел аясында мемлекеттік кірістер органдарының өкілдерімен әділет органдарына таратылатын заңды тұлғаның салықтық берешегі туралы мәліметті беруден бас тарту негіздері, таратылатын заңды тұлғаның салықтық міндеттемелері, оларды орындау мерзімі мен тәртібі түсіндірілді.

     Сондай-ақ, шара барысында заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын «Электрондық үкімет» порталы арқылы тіркеу тәртібі талқыға салынып, өзара пікір алысты.

      Шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайту және тұрғындарды мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу жөнінде ақпараттандыруды тұрақты жүргізу туралы келісімге келді.

                                     

 

Маңғыстау облысының әділет департаментінің  заңды тұлғаларды тіркеу

жұмысын ұйымдастыру бөлімі