-A A +A

Дөңгелек үстел отырысы өткізілді

Дөңгелек үстел отырысы өткізілді

  Ағымдағы жылдың 10 қарашасында Маңғыстау облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен облыстық прокурор, қалалық соттың судьясы, жергілікті атқарушы орган қызметкері, Ш.Есенов атындағы университеттің құқықтанушы ғалымы және нотарустардың қатысуымен сот дауларын азайту үшін мәмілелердің заңдылығын қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланған дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

  Дөңгелек үстелдің мақсаты – Республика соттарымен мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 1 500-дей іс қаралғандығы, сондай-ақ, Жоғарғы Сот нотариустарға бірлескен немесе үлестік мүліктерге қатысты мәмілелерді куәландыру кезінде мәмілеге қатысушылардың отбасылық жағдайлары туралы мәліметтердің шынайылығын тексеруді міндеттеуді және нотариустардың бұрынғы меншік иелері иеліктен шығарған мүліктің иелену тарихын тексеруді ұсыну туралы Жоғарғы Соттың ақпаратын қатысушылардың назарына жеткізу.

  Сонымен қатар, нотариустармен куәландырылған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы наразалық талап арыздардың басым көпшілігі сату-сатып алу шарттары, мұрагерлік куәліктер және өсиеттерге қатысты екендігі анықталып, олардың алдын-алу жолдары талқыланды.

  Дөңгелек үстел нәтижесінде қатысушылар өздерінің пікірлерін білдіріп, «АХАЖ» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне толықтырулар енгізуді, атап айтқанда, 2007 жылға дейінгі неке туралы мәліметтерді енгізуді ұсынды.

                   

Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі