-A A +A

Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

         Ағымдағы жылдың 1 маусымында Халықаралық балаларды қорғау күнінің мерекеленуіне орай Маңғыстау облысының әділет департаментінің қызметкерлері Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының қолдауымен балаларға арналған спектакль ұйымдастырды.

         Театрдың шығармашылық ұжымы кішкентай көрермендердің назарына «Маугли» қойылымын ұсынып, оған Редьярд Киплингтің әңгімесінде бейнеленген жануарларды ойнаған 20-ға жуық актер қатысты.

          Маугли және жануарларды ойнаған басқа да әртістер кішентай көрермендерді өздерінің қимылдарымен таң қалдырып, ал олардың костюмдері жануарлар әлемінің сұлулығын жеткізді.

          Спектакль соңында балалар қойылым актерлерімен естелікке суретке түсті.

         Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі