-A A +A

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілді

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілді

 

     Ағымдағы жылдың 23 маусымында Маңғыстау облысының Әділет департаменті ұжымымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күніне арналған жиын өткізілді. Департамент басшысының м.а. Б.Колумбаевтың құттықтау сөзімен ашылған жиынға әділет департаменті қызметкерлері қатысып, басшы орынбасарлары ұжымға творчествалық табыстар тілеп, өз тілектерін білдірді. 

        Жиын барысында, мемлекеттік қызметшілер күніне орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің дипломымен департамент басшысының орынбасары Ақжолов Сарсенғали Көпжасарұлы және персоналмен жұмыс және ішкі қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Кентан Самат Захарұлы марапатталды.

        Сонымен қатар, атаулы мереке қарсаңында Абай атындағы мәдениет сарайында салтанатты жиын өткізіліп, облыс әкімінің орынбасары Маңғыстау облысының дамуына елеулі үлес қосқан мемлекеттік қызметшілерді құттықтады. Салтанатты жиын мерекеге ұласып, мемлекеттік қызметшілер арасында «Екі жұлдыз» бағдарламасы ұйымдастырылып, өткізілді. Мерекелік іс-шараға Маңғыстау облысының әділет департаменті атынан азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеуді қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Л.И.Ахмедова «Арна» тобымен «Синей иней» әнін орындады. 

    

 

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі