-A A +A

Кездесу өткізілді

Кездесу өткізілді

            Ағымдағы жылдың 21 маусымында  «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ МОФ-ң мүшелері – Түпқараған аудандық әділет басқармасы қызметкерлерімен сот орындаушы, адвокат, нотариус, аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық сот және аудандық ішкі саясат мамандарының қатысуымен әйелдер мен кәмелет жасына толмағандарға заңгерлік көмек көрсету мақсатында Түпқараған ауданының  Қызылөзен ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді.

           Кездесу барысында ұйымдастырушылармен ҚР Азаматтық Кодексі,  «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»  Кодекстерінің, ҚР «Білім туралы», «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Нотариат туралы», «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» және «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңдарының нормалары түсіндірілді.

           Кездесу соңында алимент өндіру, атқарушылық құжатты орындауға беру үшiн өткiзiп алынған мерзiмдi қалпына келтiру, жылжымайтын мүлікті тіркеу мәселелері бойынша сұрақтармен жүгінген азаматтарға құқықтық көмек көрсетіліп, сондай-ақ, ата-аналардың құқықтары мен міндеттері және баланың мүліктік құқықтары түсіндірілді.

Маңғыстау облысының  әділет департаментінің баспасөз қызметі