-A A +A

Кездесу өткізілді

Кездесу өткізілді

2017 жылдың 6 қыркүйегінде Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ғимаратында прокуратура, сот, әділет департаменті, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша қылмыстық процесті реформалау және құқық қорғау қызметінің басқа аспекттерінің жетілдіру мәселелерін ақпараттық сүйемелдеу бойынша Медиа-жоспарға сәйкес халыққа негізгі бағыттарын жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру.

Кездесу соңында, мемлекеттік мекеме өкілдері жүргізіліп жатқан реформаның негізгі аспекттері бойынша сұрақтарға жауап берді.

 

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі