-A A +A

Кездесу өткізілді

Кездесу өткізілді

   Ағымдағы жылдың 7 қарашасында әділет департаментінің қызметкерлері, сот орындаушысы, нотариус және «Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөнiндегi Қазақстан халықаралық бюросы» Маңғыстау филиалының өкілінің қатысуымен Ақтау қаласында орналасқан ГМ-172/10 мекемесінде (тергеу изоляторы) отырған азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында кездесу өткізілді.

   Кездесу  барысында департамент қызметкерлерімен «Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету» туралы  Заң жобасының талаптары, атап айтқанда, халықтың әлеуметтік  әлсіз топтарына тегін заң көмегін көрсету бойынша және жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлердің сот процестеріне қатысу тәртібі туралы түсіндірілді.

   Сонымен қатар, жазаны тағайындаудан кейінгі мерзімінен бұрын шартты түрде босату, ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату, жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдердің, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру, жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жайларды, мүлікті басқару бойынша берілген сенімхат арқылы мүлікті сату, қылмыстың ауыр түрлері бойынша рақымшылықты қолдану, бас бостандығынан айыру орындарында діни жораларды өткізу және жазасын өтеуден босатылғаннан кейінгі мемлекетпен көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері және басқа да көкейтесті мәселелер бойынша сауалдарына мамандармен құқықтық кеңестер берілді.

    Кездесу соңында күдіктілер, айыпталушылар, оқшауланған аймақтық сотталушылар құқықтық көмек көрсеткені үшін  алғыс білдірді.

                

Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі