-A A +A

Кездесу өткізілді

  Кездесу өткізілді

  Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Маңғыстау аудандық бөлімі филиалының басшысының ұйымдастыруымен  аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін мерекелеу бойынша Елбасының мемлекетті қалыптастыру және нығайту жолындағы рөлі бойынша кездесу өткізілді.

  Аталған шараның мақсаты – тарихы зор мереке күні қарсаңында Елбасының Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесі және саяси тың идеяларынын насихаттау.

  Іс-шара аясында аудандық бөлім филиалының басшысы Т.Қанбаевамен сан ғасырлық тарихы бар іргелі елдермен иық тірестіріп келе жатқан жас мемлекеттің Тәуелсіздік алу кезеңінен бастап, бүгінгі таңға дейінгі жеткен жетістіктері туралы, Қазақстанды әлемдік деңгейде кеңінен таныта білген, мемлекетті басқару жолында қарқын­ды өрлеу үлгі­сін көрсете алған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің бағыттары мен саясаты туралы баяндама оқылды.

  Кездесу соңында қойылған сауалдарға қолданыстағы заң талаптарына сәйкес жауаптар берілді.

                

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі