-A A +A

Кезекті аттестациялау өтті

Кезекті аттестациялау өтті

     29 тамызында Маңғыстау облысы әділет департаментімен жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткерлердің кезекті аттестаттауы өткізілді.

     Екі кезеңнің қорытындысы бойынша - яғни компьютерлік тестілеу арқылы  үміткердің заңнаманы білетіндігін анықтап және емтихан билеттеріне берген жауабын ескеріп, Әділет аттестаттау комиссиясы аттестаттауға жіберілген жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензия алуға қатысушы үміткер туралы аттестаттау туралы шешімін қабылдады.

    Аттестаттаудан жақсы нәтиже көрсеткен үміткер Қазақстан Республикасының заңнамасын жақсы меңгергендігін көрсетті. 

 

Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі