-A A +A

Кезекті «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

Кезекті «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

     Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Қарақия ауданы әділет басқармасының басшысының, сот орындаушысының және «Нұр Отан» партиясының өкілінің қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы-«ХҚКО» департаментінің Қарақия аудандық бөлімінің ғимаратында кезекті «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.

     Акцияның негізгі мақсаты - тұрғындардың құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру, азаматтарға тегін білікті заңгерлік көмек көрсету.

    Акция барысында меншік құқығы, әкімшілік реттеуді даулаудағы заңнаманың тиімділігі, даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі, зияткерлік меншікті қорғау индикаторларының көрсеткіштерін жақсарту мақсатында азаматтарға заңды тұлғаны, жылжымайтын мүлікті тіркеуге байланысты қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді.

   Іс-шара нәтижесінде сұрақтарымен жүгінген 26 азаматтың, оның ішінде, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бойынша – 8 азаматтың, заңды тұлғаларды тіркеу бойынша – 7 азаматтың, жылжымайтын мүлікті кепілге қою бойынша – 5 азаматтың, кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын тіркеу бойынша-1 азаматтың және заңды тұлғаларды онлайн режимде тіркеу тәртібі бойынша –  5 азаматтың сұрақтары өз шешімін тапты.

   Сондай-ақ, сұрақтарымен жүгінген азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, құқықтық көмек көрсетілді.

 

Пресс-служба департамента юстиции Мангистауской области