-A A +A

Кезекті «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

Кезекті «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

    Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы-«ХҚКО» департаментінің Маңғыстау аудандық бөлімінің ғимаратында әділет басқармасының басшысы, сот орындаушы және нотариустың қатысуымен кезекті «Әділет кеңес береді» атты акциясы өткізілді.

     Акцияның мақсаты – азаматтардың құқықтық деңгейін көтеру және оларға құқықтық көмек көрсету болып табылады.

    Акция барысында азаматтар атқарушылық іс құжаттарының орындалу мерзімдері туралы, атқарушылық мерзімді беру кезіндегі мерзім үзілісі туралы, атқарушылық құжатты орындауға беру үшiн өткiзiп алынған мерзiмдi қалпына келтiру туралы, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізу тәртібі, мемлекеттік тіркеу үшін алым алу, тіркеу жүргізу мерзімдері, құжаттарға қойылатын талаптар, құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын, қойылған қолдардың түпнұсқалығын және аударманың дұрыстығын куәландыру бойынша сұрақтарымен жүгінді.

    Барлық жүгінген азаматтарға қолданыстағы ҚР заңнамалары шеңберінде құқықтық кеңестер берілді.

   

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі