-A A +A

Кезекті «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

Кезекті «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

            28 шілдедеде Маңғыстау облысының әділет департаментімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы – «ХҚКО» департаменті ғимаратында кезекті «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.

       Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру және азаматтарға құқықтық көмек көрсету.

            Акцияға «Қазақстан заңгерлері одағы» РҚБ МОФ-ның мүшелері – әділет органдары өкілдері, сот орындаушы, нотариустың қатысуымен азаматтарға жүгінген сұрақтары негізінде жылжымайтын мүлікті, АХАТ, заңды тұлғаларды тіркеу,  алимент өндіру мәселелері бойынша қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді.

Іс-шарада өздерін толғандырып жүрген сұрақтар бойынша азаматтар қатысып, олардың мұрагерлікті рәсімдеу, алиментті өндіріп алу, атқарушылық құжаттарды орындау мерзімдері, аударымның дұрыстығын нотариуспен куәландыру, неке қию кезінде ерлі-зайыптылардың тектерін таңдау құқығы, некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізу тәртібі мен мерзімдері және заңды тұлғаларды тiркеу мәселелері жөніндегі сұрақтарына мамандармен  құқықтық кеңестер берілді.         

Сонымен қатар, акция барысында орталыққа келген азаматтарға Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту бағытында дайындалған  меншік құқығын тіркеу, медиация, даулы мәселелерді шешу  бойынша жадынамалар таратылды.

 

Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі