-A A +A

Кезекті «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

Кезекті «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

  Ағымдағы жылдың 1 қарашасында Маңғыстау облысының әділет департаменті қызметкерлерімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы – «ХҚКО» департаменті ғимаратында кезекті «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.

   Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру және азаматтарға құқықтық көмек көрсету.

 Акцияда Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту мақсатында «Қазақстан заңгерлері одағы» РҚБ МОФ-ның мүшелері – әділет органдары өкілдерінің, адвокат, сот орындаушы, нотариустың қатысуымен азаматтарға жүгінген сұрақтары негізінде жылжымайтын мүлікті, АХАТ, заңды тұлғаларды тіркеу,  алимент өндіру, мұрагерлік істер және  мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының шешімдерін даулау мәселелері бойынша  қолданыстағы заңнама талаптары және ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы» Заң жобасы түсіндірілді.

  Акцияға өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша 40-тан астам азамат қатысып, сұрақтардың басым көпшілігі алимент берешегін анықтау және алимент өндіру тәртіптеріне қатысты сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, азаматтардың мүлікті бөлу туралы шартты куәландыру, құжаттар көшірмесінің және олардың үзінділерінің, құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландыру, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру тәртібі мен мерзімі, азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізу тәртібі мен мерзімдері, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өту үшiн құжаттарды қабылдау тәртiбi жөнінде сұрақтарына мамандармен  құқықтық кеңестер берілді.

  Сонымен қатар, акция барысында орталыққа келген азаматтарға тағылымдамадан өткен және адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу бойынша, ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы» Заң жобасы және Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту бағытында дайындалған  меншік құқығын тіркеу, медиация, даулы мәселелерді шешу  бойынша жадынамалар таратылды.

 

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі