-A A +A

Кезекті «Әділет кеңес береді» Республикалық акциясы өткізілді

Кезекті «Әділет кеңес береді» Республикалық акциясы өткізілді

     Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Маңғыстау облысының әділет департаменті облыстық «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп  кезекті «Әділет кеңес береді» республикалық акциясын өткізді.

     Кезекті акциялық іс-шарада азаматтарға құқықтық көмек беруге облыстық «Нұр Отан» партиясының өкілдері, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ МОФ-ның мүшелері әділет департаменті басшысының орынбасары мен бөлім басшылары, сот орындаушы, нотариустар және адвокаттар қатысты.

     Акцияның басты мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру, азаматтарға тегін білікті заңгерлік көмек көрсету.

     Іс-шара нәтижесінде, өмірлік іс-әрекеттің әр-түрлі салалары бойынша азаматтарды толғандырған көптеген сұрақтар шешілді. Сұрақтардың басым көпшілігі алимент берешегін анықтау және алимент өндіру тәртіптеріне, мұрагерлік істі рәсімдеу, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тіркеу, туу туралы куәлікті алуға қатысты қойылды және басқа да әлеуметтік сұрақтарға мамандармен толыққанды жауаптар берілді.

     Сондай-ақ, Әділет департаменті басшысының орынбасары С.К.Ақжолов жергілікті «Маңғыстау» газетінің тілшісіне аталған іс-шараның өткізілу мақсаты бойынша сұқбат берді.

       

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі