-A A +A

Әкімдіктің кеңейтілген аппараттық отырысында заң жобасы түсіндірілді

Әкімдіктің кеңейтілген аппараттық отырысында заң жобасы түсіндірілді

  Ағымдағы жылдың 13 қарашасында Маңғыстау облысы әкімінің төрағалығымен әкімдіктің кеңейтілген аппараттық отырысында әкім орынбасарларының, қалалық, аудандық әкімдердің,  маслихат депутаттарының, прокуратура және сот органдарының өкілдерінің, үкіметтік емес ұйымдардың және басқа да мүдделі ұйымдардың қатысуымен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасының негізгі ережелері бойынша түсінік берілді.

  Маңғыстау облысының әділет департаментінің басшысы Р.Балгазинмен Заң жобасының нормалары түсіндірілді және заң жобаларының тұжырымдамалары алдымен, халықты қолжетімді және сапалы заң көмегімен қамтамасыз етуге сондай-ақ, адвокатура институтын әлемнің үздік тәжірибесін ескере отырып, жетілдіруге бағытталғандығы туралы қатысушылардың назарына жеткізілді.  

  Сонымен қатар, әділет департаментінің басшысы Pro bono тәжірибесі, яғни, халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін заңгерлік көмек көрсету туралы айтып өтіп, ол үшін адвокаттарға жыл сайын белгілі бір сағаттарда тегін заң көмегін көрсету құқығын беру ұсынылатындығы жөнінде тоқталды.

  Өз кезегінде, облыс әкімі Ералы Тоғжанов Әділет министрлігімен ұсынылып отырған Заң жобасын қолдайтынын, аталған жобаның мақсаты білікті адвокаттардың қатарын өсіруге бағытталып, уақыт талабына сәйкес қолға алынып отырған іс-шара деп санайтындығын білдірді, сондай-ақ, мемлекеттік органдарға оның ережелерін халық арасында кеңінен насихаттауды тапсырды.

           

Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі