-A A +A

ҚР Парламент Мәжіліс депутатымен кездесу өтті

ҚР Парламент Мәжіліс депутатымен кездесу өтті

         Жуырда Маңғыстау облысы әділет департаментінің ғимаратында ҚР Парламент Мәжіліс депутаты Кесебаева Балаим Туғанбайқызымен қызметтік кездесу өткізілді.

         Кездесуге сот, прокуратура, мемлекеттік органдарының өкілдері мен облыс жеке сот орындаушылары қатысты.

Кездесу барысында «Жеке сот орындаушыларының институтын әрі қарай дамыту» Ұлт жоспарының 27-қадамын жүзеге асыру аясында жеке сот орындаушыларының қызметінде кездесетін өзекті мәселелер атап айтылды.

Кездесу соңында жеке сот орындаушыларымен атқарушылық құжаттарының тиімді орындалуы бойынша ой-пікірлерімен бөлісіп, өздерінің ұсыныстарын білдірді.

 

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі