-A A +A

Құқық қорғау қызметінің негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша заң жобасына өзгерістер енгізілді

Құқық қорғау қызметінің негіздерін жаңғырту мәселелері

бойынша заң жобасына өзгерістер енгізілді

  Ағымдағы жылдың 28 қарашасында Маңғыстау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен облыстық сот пен прокуратура өкілдерінің  және адвокаттардың қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заң жобасының шеңберінде адвокаттардың процессуалдық өкілеттіктерін кеңейту бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

  Отырыс барысында Заң жобасы ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне, «Жедел-iздестiру қызметi туралы» және «Прокуратура туралы» заңдарға түзетулер енгізуді көздейтіндігі, сондай-ақ,  Заң жобасы адам құқығын қорғауды күшейтуге және процесті үнемдеуге бағытталғандығы атап өтілді.

  Сонымен қатар, аталған заң жобалары адвокаттардың процессуалдық мүмкіндіктерін кеңейту арқылы қылмыстық процестің жарыспалылығын арттыруға бағытталғандығы қатысушылардың назарына жеткізілді.

  Кездесу соңында, қатысушылармен заң жобасының өзгерістері талқыланып, оларды тәжірибеде жүзеге асыру пікірлері ортаға салынды.

       

Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі