-A A +A

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізілді

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізілді

     2017 жылдың 28 тамызында Маңғыстау облысының әділет департаменті және Түпқараған ауданының әділет басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізілді.

       Акцияның мақсаты – жетім, көп балалы отбасы, жағдайы жоқ балаларға материалдық және қаржылай көмек көрсету.

      «Мектепке жол» акциясы аясында әділет департаменті қызметкерлерімен облыс аумағындағы көп балалы және толық емес отбасындағы оқушы балаларға мектепке қажетті құралдар мен қаржылай көмек көрсетілді.

 

Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі