-A A +A

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Жәрмеңкесі өткізілді

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Жәрмеңкесі өткізілді

  Ағымдағы жылдың 16 қарашасында Маңғыстау ауданының мәдениет үйі ғимаратында әділет басқармасы, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы-«ХҚКО» департаментінің Маңғыстау аудандық бөлімі өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Жәрмеңкесі өткізілді.

  Аталған шараның мақсаты – аудан көлеміндегі мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің, оның ішінде электронды қызметтердің көрсетілу рәсімдерін бейнеролик арқылы жүргізу, азаматтарға   кеңес беру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жаднамалар тарату.

  Жәрмеңке барысында Маңғыстау ауданының әділет басқармасының басшысы Ғ.Ауданбаева және аумақтық бөлімі филиалының басшысы Т.Қанбаевамен әділет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша, жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ, атқару өндірісін қозғау бойынша «Қазақстан-Ақтау» телеарнасына сұхбат берілді.

  Шара соңында аудан тұрғындарына жаднамалар таратылып, қойылған сауалдарына қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, жауаптар берілді.

               

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі