-A A +A

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Жәрмеңкесі өткізілді

  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Жәрмеңкесі өткізілді

   Жуырда  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы-«ХҚКО» департаментінің Мұнайлы аудандық бөлімі ғимаратында мемлекеттік органдардың, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысының және Әдеп жөніндегі кеңес төрайымының қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Жәрмеңкесі өткізілді.

    Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – халыққа кеңес беру, әдістемелік көмек көрсету, сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді насихаттау.

   Жәрмеңке барысында Мұнайлы ауданының әділет басқармасының басшысы Ж.Құсайынмен жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу қызметтері бойынша ақпарат берілді.

   Жәрмеңкеде тиісті мемлекеттік органдардың қызметі бейнероликтер арқылы көрсетілді, сондай-ақ, баннерлерде мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы көрнекі ақпарат орналастырылып, жадынамалар таратылды.

   Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізудің маңыздылығын атап өткен аудан әкімі бұл шараның халыққа көптеген пайдасын тигізетіндігін сеніммен айтты.

                             

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі