-A A +A

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында заңнаманы сақтау бойынша өткізілген семинар

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында заңнаманы сақтау бойынша өткізілген семинар

    Ағымдағы жылдың 30 маусымында Маңғыстау облысы әділет департаментінің  ұйымдастыруымен басшы орынбасары С.К.Ақжоловтың төрағалығымен Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласында  заңнаманы сақтау бойынша семинар  өткізілді.

     Аталған іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметті көрсету бойынша регламенттер мен стандарттардың талаптарын сақталуын қамтамасыз ету.

    Семинар барысында  өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау, заңды тұлғаларды және  жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, құжаттарды апостильдеу саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мәселелер талқыланды. 

     Семинар нәтижесінде  қатысушылар жұмысты жақсарту жөнінде және өзара тығыз қарым-қатынаста  бірлесіп жұмыс жасауға өз ұсыныстарын айтып өтті.

           

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі