-A A +A

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында заңнаманы сақтау бойынша өткізілген семинар

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында заңнаманы сақтау бойынша өткізілген семинар

   Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында Маңғыстау облысы әділет департаментінің  ұйымдастыруымен басшы орынбасары С.К.Ақжоловтың төрағалығымен Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті қызметкерлерінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласында  заңнаманы сақтау бойынша семинар  өткізілді.

    Аталған іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметті көрсету бойынша регламенттер мен стандарттардың талаптарын сақталуын қамтамасыз ету.

   Семинар барысында әділет департаментімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділігі кеңінен талқыланып, қатысушылар арасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруші органдармен өзара іс-қимыл жасау пікірлері ортаға салынды.

    Семинар нәтижесінде  қатысушылар жұмысты жақсарту жөнінде және өзара тығыз қарым-қатынаста  бірлесіп жұмыс жасауға өз ұсыныстарын айтып өтті.

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі