-A A +A

Мұнайлы ауданы әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісінде заң жобалары талқыланды

Мұнайлы ауданы әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісінде заң жобалары талқыланды

   2017 жылдың 1 қарашасында Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасарларының, құқық қорғау органдары  қызметкерлерінің, аудандық мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық отырысында Мұнайлы аудандық әділет басқармасының басшысы Ж.Құсайын «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша баяндама оқыды.

  Жиын барысында адвокаттарға қойылатын талаптарды арттыру, адвокаттардың кәсіби қызметінің жауапкершілігін сақтандыруды енгізу, азаматтардың жекелеген санаттарының заң қызметтерін ақысыз негізде көрсетуді көздейтін «pro bono» (қоғам игілігі үшін) принциптері, сондай-ақ, заң кеңесшілер палатасының құрылуы, оның құқықтары мен міндеттері талқыланды.

   Кездесу соңында қатысушылар пікірлерін білдіріп, Заң жобасын қолдайтындығын жеткізді.

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі