-A A +A

Нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды тұлғаларға арнайы семинар өткізілді

Нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды

тұлғаларға арнайы семинар өткізілді

  Ағымдағы жылдың 24 қарашасында Маңғыстау облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды тұлғаларына ҚР  Нотариат аясындағы заңнамаларды және ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы» Заңы жобасының нормаларын түсіндіру мақсатында семинар өткізді.

  Семинар барысында лауазымды тұлғалардың біліктілігін көтеру мақсатында Ақтау қаласының жекеше нотариусы Н.Жалгасов «Аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi аппаратының лауазымды адамы жасайтын нотариаттық iс-әрекеттердің түрлері және оларды куәландырудың тәртібі» тақырыбында баяндама оқыды және ҚР «Нотариат туралы» Заңына сәйкес, өсиеттерді, сенімхаттарды, өтінішке қойылған қолдың түпнұсқалығын сонымен қатар құжаттардың көшірмелерінің және олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландыру бойынша лауазымды тұлғалармен жасалынатын нотариаттық іс-әрекеттер туралы қатысушыларға түсінік берді.

  Іс-шара аясында, құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің бас маманы А.Ниязбековамен «Жаңа заң азаматтарға қолжетімді және сапалы құқықтық көмек көрсетуге бағытталған» тақырыбында баяндама оқылып, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң жобасының нормалары қатысушылардың назарына жеткізілді. 

  Кездесу соңында лауазымды тұлғалар пікірлерін білдіріп, қойылған сауалдарына мамандармен қолданыстағы заң талаптарына сәйкес толықтай жауаптар берілді.

 

            

Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі