-A A +A

Оқыту семинары өтті

Оқыту семинары өтті

     13 шілде  2017 жылы Маңғыстау облысының әділет департаментінің бастамасымен аумақтық нотариаттық палатасы ұйымдастырған оқыту семинарында облыстың 33 жекеше нотариусы өз біліктіліктерін көтерді.

      Семинар барысында  Ақтау қаласының жекеше нотариусы С.Құттымұрадова «Мәміле» тақырыбындағы өзінің баяндамасын оқыды.

     Сонымен қатар, Ақтау қаласының жекеше нотариусы  К.Бердібаева қаржы мониторинг субъектілерінің мониторингке жататын операциялар  бойынша өкілетті органға ұсынылатын мәліметтер мен ақпараттар тізімі, белгілері және өзгерістері туралы айтып өтті.  

  Өз кезегінде, баяндамашылар нотариустарды толғандырып жүрген сұрақтарына жауап беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті.  Семинар соңында, қатысушыларға біліктілігін арттырғаны туралы сертификаттар салтанатты түрде табысталды.