-A A +A

Онды ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді

Онды ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді

2017 жылдың 28 шілдесінде «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ МОФ мүшелері – Маңғыстау ауданының әділет басқармасының қызметкерлерімен сот орындаушы, адвокат, нотариус, аудандық ішкі саясат мамандарының қатысуымен Маңғыстау облысының Онды ауылы тұрғындарымен кездесу өткізілді.  

Шараның мақсаты –тұрғындардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және олардың толғандырған сұрақтары бойынша кәсіби құқықтық көмек көрсету.

Кездесу барысында сұрақтарымен жүгінген азаматтарға жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бойынша, заңды тұлғаларды тіркеу, сондай-ақ, заңды тұлғаларды онлайн режимде тіркеу тәртібі бойынша түсіндіріліп, мамандармен құқықтық кеңестер берілді.

Сұрақтарымен жүгінген азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, құқықтық көмек көрсетілді.

 

Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі