-A A +A

Проведен круглый стол

Дөңгелек үстел өткізілді

Жуырда Маңғыстау облысы әділет департаменті басшысының орынбасары С.К.Ақжоловтың төрағалығымен, Маңғыстау облысының жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Л. Махмутованың және облыс жеке сот орындаушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараның мақсаты –  «Сот орындаушылары мен аудандардың, облыстық мәні бар калалардың, облыстардың, республикалық мәні бар қалалардың және астанадағы жұмыспен қамту орталықтарының алимент бойынша үш айдан астам берешегі бар борышкерлерді еңбекпен қамту мәселесі бойынша өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы» ҚР Әділет министрлігі және ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлескен бұйрығын талқылау.

Дөңгелек үстел барысында, сот орындаушылары жолдаған жұмыспен қамтуға мұқтаж борышкерлерді есепке алу, оларды жұмыс іздеуші ретінде есепке қою, жұмыспен қамту орталығы еңбек шартын жасаған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде сот орындаушыға оның еңбекақысын бұдан әрі өндіріп алу үшін борышкердің жұмыспен қамтылғандығы туралы сот орындаушыға хабарлау туралы мәселелері талқыланды.

Қорытындылай келе тараптар бірлескен келісімге келіп, нәтижелі жұмысқа бағытталған нұскаулар берілді. 

 

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі