-A A +A

Салтанатты іс-шара өткізілді

Салтанатты іс-шара өткізілді

 

     Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында аудандық Мәдениет үйінде Бейнеу ауданының Әділет басқармасының қызметкерлері жергілікті атқарушы органмен бірлесіп мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

       Іс-шараны аудан әкімі салтанатты түрде құттықтау сөзімен ашып, аудан тұрғындарын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

         Аудан әкімі өз сөзінде Тәуелсіздік күні Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік мереке екенін атап өтіп, Қазақстан бейбіт, еркін, бай, көпұлтты ел екендігін, оның дүние жүзіндегі достыққа үлгі көрсете білгендігін қатысушылардың назарына жеткізді. Сонымен қатар, аудан әкімі ел өміріндегі басқа да маңызды оқиғаларға тоқталып өтті.

          Мерекелік шарада аудан әкімі мақтау қағаздарын табыс етті.

          Іс-шара соңында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері мерекелік концерт ұйымдастырды.

 

 

 

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі