-A A +A

Салтанатты жиын өтті

Салтанатты жиын өтті

Маңғыстау облысының әділет департаментімен ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында салтанатты жиын өткізілді. Жиынға әділет департаменті, басқарма, филиал қызметкерлері қатысты. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасы Әнұраны және департамент басшысының м.а. Б.Колумбаевтың құттықтау сөзімен ашылып, басшы орынбасарлары өз тілектерін білдірді.    

Жиын барысында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл» мерекелік төсбелгісімен Мұнайлы аумақтық бөлімі филиалының басшысы – аға сот орындаушысы Рахметов Ерғали Амантурдыевич, ҚР Әділет министрлігінің грамотасымен Ақтау аумақтық бөлімі филиалының сот орындаушысы Картбаева Жария Бекболқызы, ҚР Әділет министрілігің алғыс хатымен Нурлыбаева Дана Нурлыбайқызы марапатталды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке қабылданған А.Ниязбекова, Б.Мадреймова, С.Турегелдиев, Р.Бегниязова  салтанатты түрде әкімшілік қызметшінің антын қабылдады.

       Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі