-A A +A

Салтанатты жиын өтті

Салтанатты жиын өтті

    29 қыркүйек 2017 жылы Маңғыстау облысы әділет департаментінде Қазақстан Республикасының Әділет органдарының қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Жиынға әділет департаменті және құрылымдық бөлімшелері қызметкерлері қатысты.

   Салтанатты жиын Қазақстан Республикасы әнұраны және департамент басшысының құттықтау сөзімен ашылды. Жиын барысында өз қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде атқарғаны үшін бірқатар қызметкерлерге департамент басшысының және Әділет Министрлігінің мақтау қағаздары мен ведомстволық наградалары табыс етілді.

    Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке қабылданған қызметкерлер салтанатты түрде әкімшілік мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады.

              

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі