-A A +A

Семинар-кеңес өткізілді

                                          Семинар-кеңес  өткізілді

      Ағымдағы жылдың 13 маусымында Маңғыстау облысының әділет департаментімен қалалық, аудандық АХАТ бөлімдері қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары М.М. Тажиннің  тапсырмасын  және 2017 жылғы 23 мамырдағы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенованың төрағалығымен өткен селекторлық мәжіліс хаттамасының 2.1. тармағын орындау мақсатында семинар –кеңес өткізілді.

      Семинардың мақсаты аталған тапсырманы уақытылы орындау,          Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің  мұрағат қорларынан жеке  тұлғалардың қайтыс болу туралы актілік жазбаларының барын, қайтыс  болу туралы фактісін тіркеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін жеткізу.

    Сонымен қатар, семинар барысында жергілікті атқарушы органдарымен отбасылық құндылықтары, неке мен отбасы  негіздерін  насихаттау бойынша жұмысын күшейту сөз болды.

    Семинар нәтижесінде АХАТ қызметкерлері жұмыс барысында туындайтын азаматтық хал актілерді тіркеу бойынша сұрақтарына шешім тауып және халық арасында құқықтық насихаттау жұмысын жандандыру бойынша өз ұсыныстарын айтып өтті.

                

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі