-A A +A

Семинар-кеңес өткізілді

Семинар-кеңес өткізілді

  Ағымдағы жылдың 15 қарашасында Ақтау қалалық әділет басқармасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тоқтату, бас тарту және мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың негізгі себептері» тақырыбында әділет департаментінің басшысы, нотариустардың және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің өкілдерінің қатысуымен семинар-өткізілді.

  Іс-шара барысында 2017 жылдың 9 айы мен 2016 жылдың салыстырмалы кезеңі бойынша аумақтық әділет басқармаларының жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру, бас тарту және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден орындаусыз қайтарып алудың негізгі себептері талқыланды.

  Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді уақтылы және сапалы қамтамасыз ету үшін өзара әрекеттестікті оңтайландыру мен нығайту бойынша шешімдер қабылданды, сонымен қатар, қатысушылар мемлекеттік тіркеу, БНАЖ-де өтінімдерді дұрыс қалыптастыру бойынша нотариустармен оқыту жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы пікір алмасты.

                  

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі