-A A +A

Семинар-кеңес өтті

Семинар-кеңес өтті

         Жуырда Маңғыстау облысының әділет департаментімен облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктері, мәслихаттары заңгерлерінің қатысуымен  семинар-кеңес өтті.

         Семинарда 2017 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік тіркеуден өткен НҚА жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижесімен жергілікті өкілді және атқарушы органдарына 25 НҚА қатысты 24 заң бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстың және 23 НҚА қатысты 9 ақпараттық хаттардың жолданғандығы, нәтижесінде НҚА мемлекеттік тіркеу саласында ҚР қолданыстағы заңнамаларын бұзғаны үшін 16 лауазымды тұлғаның тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығы атап өтілді.

         Сондай-ақ, Республикалық құқықтық ақпарат орталығы Маңғыстау облысы филиалы қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары да жан-жақты түсіндірілді.

        Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 350 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» қаулысы да түсіндірілді.

         Семинар нәтижесінде жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен нормативтік құқықтық актілердің сапасын арттыру, НҚА жүргізілетін құқықтық мониторингтің сапасын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.

                                            

      Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі