-A A +A

Семинар-кеңес өтті

Семинар-кеңес өтті

    Жуырда Маңғыстау облысының әділет департаментімен облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктердің, мәслихаттардың заңгерлерінің қатысуымен нормашығармашылық мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.

     Семинарда, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Әуес Көшкінбаевамен «Жергілікті нормашығармашылықтағы өзекті мәселелер туралы»  баяндамасы  жасалды.

        Баяндама барысында 2017 жылдың 8 айында жергілікті мемлекеттік органдарымен қабылданған нормативтік құқықтық актілерге прокуратура тарапынан қадағалау актілері енгізілмегендігін айта келе, бас тартылған, кері қайтарылған актілердің негіздері  атап өтілді.

     Сонымен қатар, Жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді дайындау, келісу, ресімдеу кезінде әзірлеушілермен қолданыстағы заңнама талаптары сақталмай, әділет департаментімен жүргізілген түсіндіру іс-шараларына қарамастан жүйелі түрде ұқсас бұзушылықтар жылма-жыл қайталануы орын алғанын, бұл өз кезегінде жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары тарапынан бақылаудың жеткіліксіз болуынан екендігі де айтылды.

        Соған қоса, ҚР 2017 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын, соның ішінде ҚР «Құқықтық актілер туралы» Заңына енгізілген өзгерістер туралы да айтып өтті.

        Семинар нәтижесінде жергілікті мемлекеттік органдарымен нормативтік құқықтық актілерге уақытылы және сапалы мониторинг жүргізу, қолданыстағы заңнама талаптарын дұрыс қолдану жөнінде бірқатар ұсыныстар айтылды.                                                                   

                 

                            Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі